Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «мектеп мұғалімдеріне гүл сыйлауға тыйым салынған ба», «гүл сыйлау жемқорлық болып санала ма» деген сауалдарға жауап берді.
Бұл туралы БҒМ басшысы КТК телеарнасында Артур Платоновқа берген сұхбаты барысында айтты.
Жоғарыдағы сауалдың жауабын БҒМ Telegram-каналында жариялады.
Мұғалімге гүл сыйлау сыбайлас жемқорлық болып саналады. Біреу болмаса, басқасы дәл осылай ойлай бастайды. Дегенмен біз бұл жемқорлық деп ойламаймыз. Сондықтан ненің жемқорлық екенін, ненің жемқорлық емес екенін нақты білу қажет. Бала бірінші сыныпқа барып, мұғаліміне гүл сыйласа, бұл - жемқорлық емес, - деп жауап берді министр.Еске салсақ, биылғы оқу жылы аяқталып, 25 мамырда соңғы қоңырау соғылады. Дегенмен дәстүрлі форматта өтетін соңғы қоңырау тек 9 және 11-сынып түлектері үшін өткізіледі. Қалған сыныптар соңғы қоңырауды онлайн форматта өткізеді.
Оқи отырыңыз: