Бас жаңалықтар
Мойындау керек. Экология министрі ашығын айтты
05 Қаңтар 2021, 15:42 155

Мойындау керек. Экология министрі ашығын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жаңа экологиялық кодекске сәйкес, өндіріс және тұтыну қалдықтары қалай өңделетінін айтты.

Осы бағытта әлі көп жұмыс бар екенін мойындау керек. Дамыған елдер осы салада инновациялық шешімдерге әлдеқашан көшкен. Біз әзірге бұған тек ұмтылудамыз. Бүгінгі күні еліміздің 3,2 мың полигонында 125 млн тонна қатты тұрмыстық қалдық жинақталған. 2019 жылы қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 15 пайызды құрады. Алайда бұл мүлде аз. Салыстырар болсақ, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 30%-дан асады, - деді министр. 

Оның айтуынша, осыған байланысты заңнамалық негізде қалдықтардың жиналуын азайту үшін WASTE TO ENERGY технологиясын қолдана отырып, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату тәртібі енгізіген. 

Бұл технологияға сәйкес қоқыс өртеліп, электр қуаты шығарылады. Содан кейін ол жалпы электр желісіне сатылады. Бүгін де 6 пилоттық қала анықталды. Бұл Ақтөбе, Алматы, Атырау, Нұр-Сұлтан, Тараз және Шымкент қалалары. Әкімдіктермен жер учаскелері, инфрақұрылым және қалдықтармен кепілдендірілген жүктеме мәселелері бойынша сұрақтар белсенді пысықталуда. Пилоттық жобалар табысты іске асырылған жағдайда, тәжірибе басқа қалаларға да таратылады. Осы технологияның арқасында біз 2025 жылға қарай қайта өңдеу деңгейін 30%-ға, яғни орта еуропалық деңгейге дейін жеткіземіз деп жоспарлаудамыз, - Мағзұм Мырзағалиев.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...