Бас жаңалықтар
ШҚО-дағы жол апатында мотоцикл жүргізушісі қаза болды
PHOTO
19 Тамыз 2019, 18:45 754

ШҚО-дағы жол апатында мотоцикл жүргізушісі қаза болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде ШҚО-да болған жантүршігерлік жол апатынан кадрлар пайда болды.

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты бүгін Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма ауылында болған.

1566209725_1.png

«Lexus маркалы автокөліктің 33 жастағы жүргізушісі екінші дәрежелі жолдан басты жолға өте бергенде «Орал» маркалы мотоциклмен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кетті. Ал мотоциклдің екі жолаушысы ауруханаға жатқызылды», - деді ведомствоның баспасөз қызметінде.

1566209741_2.png

Аталған дерек бойынша, ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

 


Фото: дереккөз
Загрузка...