"Москва" бизнес орталығы мен "Бәйтерек" монументінен басқа барлық ғимарат іске қосылды

11 Қараша 2019, 18:25
2166
Бөлісу:
"Москва" бизнес орталығы мен "Бәйтерек" монументінен басқа барлық ғимарат іске қосылды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қала әкімдігі 10 қарашада болған электр желісіндегі төтенше жағдайға қатысты арнайы брифинг өткізді. Қала халқын әуре-сарсаңға салған апат жөнінде құзыретті орган өкілдері жауап берді. Бүгінгі таңда тұрғын үй және әкімшілік ғимараттар түгелімен іске қосылды. Тек "Москва" бизнес орталығы мен "Бәйтерек" монументі ғимараттарына жарық қосу жұмыстары жалғасып жатыр. 

Кәбіл желісінің зақымдануына байланысты өрт шықты. Ең бірінші болып "Керуен" сауда үйінде жарық сөнді. Содан автоматтардан ажыратылу бастады. Жарты сағаттың ішінде қосалқы станцияларды өшірдік. 60-70 метрдей кәбіл өртенді. Ақмешіт пен Сығанақ көшелерінің бойында кәбіл жанып кетті. Өрттің шығу себебі жақын арада комиисия шешімімен анықталатын болады. 8 техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда барлық нысандар 100% пайыз іске қосылды. Тек "Москва" сауда үйі мен Ұлттық кітапхана ғимаратына жарық қосу жұмыстары жалғасып жатыр, - деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ернат Базил. 

Сағат 03:50 сағатта 101 қызметіне хабарлама түсті. Тез арада осы ақпарат әкімшілік басшылығына жіберілді. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметкерлері жедел түрде жетті. Алғашқы ақпарат бойынша сағат 04:03 минутта кәбіл жанып жатқаны анықталды. Сығанақ көшесінде 12 үйде өртене бастаған. Арнайы авариялық бригада жіберіліп, штаб құрылды, - деп атап өтті қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі. 


Әкімдіктің хабарлауынша, барлық нысан 100% іске қосылды. Отыз минут пен 1 сағат арасында барлығы жаңадан жұмысын бастайды. 

Маңызды нысандар, екі кәбіл екі тарпада болған. Екеуі бір біріне тәуелді. Біреуі өртенсе екіншісі де ұласқан. Екінші электр көзін іске қосуды қарастырып жатырмыз. Инженерлік жүйеде өте қиын болады. Жобалық-сметалық жұмыстарды бастайтын боламыз. Үлкен өрт болды. Өрттің аумағы 60 70 метр территорияны құрайды. Яғни, 60 70 метрлік 40 кабель жанған. Плитаны алдық. Тағы да алаулаған отты өшірдік. Комиссия өз жұмысына бүгін ғана кірісті. Оның шешімі ресми түрде жариялайтын боламыз. Өрт қайдан шықты және неге деген сұраққа комиссия жауап береді, - деді басқарма басшысы Ернат Базил. 


Яғни үш лоток желісі жанған. Бір жарым тәулік бойы түні бойы көз ілмей жұмыс істеген 16 қызметкер арнайы сыйақы алатын болды. 

Спикердің айтуынша, қазіргі күні 9 көппәтерлі тұрғын үй кешені, сондай-ақ Ақорда, Парламент Сенаты, Мәжіліс, Министрліктер үйі, Үкімет Үйі, Жоғарғы Сот электрмен жабдықталды. "Уют", "Краун Плаза", "Тұмар", "Арт Хаус", "Нұрсая-2", "Вива плаза" және "Керуен" жарықпен қамтылды.  

Кәбілдік желілерді 15 адамнан тұратын авариялық-қалпына келтіру бригадасы мен 6 арнайы техника қалпына келтірді.  

Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, жарық түнгі сағат екіде өше бастады. Жарты сағаттың үшінде түгел подстанция түтіндей бастаған. Таңғы сағат жеті шамасында өрттің шығу ошағы анықталған. 

Айта кетейік, апатты қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқан орынға қала әкімі Алтай Көлгінов барып, апаттың себебін анықтауды тапсырды. Қазір тергеу жұмыстары басталды. 

Өзгелердің жаңалығы