Бас жаңалықтар
Түркістан облысында екіқабатты монша өртенді
PHOTO
21 Мамыр 2020, 11:14 156

Түркістан облысында екіқабатты монша өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының өрт сөндірушілері "Арасан" моншасындағы өртті сөндірді, деп хабарлады ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

2020 жылғы 21 мамырда сағат 8.00-де Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Күркелес ауылында "Арасан" екіқабатты қоғамдық моншасының шатыры жанды, жану ауданы 180 шаршы метр. Өрт сағат 8.24-те оқшауланды, сағат 9.02-де жойылды. Зардап шеккен және қаза болған адамдар жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда, - делінген ведомство хабарламасында.
IMG-20200521-WA0028.jpg

Өртті сөндіруге Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 14 қызметкер мен 4 бірлік техника жұмылдырылды.

 

 



Фото: дереккөз
Загрузка...