Моңғолия үкіметі 7000-нан астам баян-өлгийліктің несиесін кешірді

14 Қаңтар 2020, 19:38
4019
Бөлісу:
Моңғолия үкіметі 7000-нан астам баян-өлгийліктің несиесін кешірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолия Ұлы Құрылы 10 қаңтарда елдегі зейнеткерлердің зейнетақысын кепілдендірілген несиесін бір рет төлеп беру туралы заң шығарған болатын.

Жергілікті БАҚ-тың жазуына қарағанда, ел президенті Халтмаагийн Баттулганың жаңа жылдық құттықтауында уәде бергеніндей, аталған заң күшіне енді.

Осының негізінде Моңғолияның қазақтар көп шоғырланған аймағы Баян-Өлгийде бұл заңның шарапаты тиген 7252 зейнеткер бар екен.

Баян-Өлгий аймағында 2019 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша 7252 зейнеткер елдегі бес банкке 20,8 миллиард төгрөг (2 млрд 858 млн теңге) көлемінде берешек болған. Олардың 6776-сының 6 млн төгрөгке (857 мың теңге) жуық қарызы болса, 476 адамның 6 млн төгрөгтен көп қарызы болған. Бұл туралы Монголбанктың аталған аймақтағы бөлімшесі мәлімдеді.  

Өзгелердің жаңалығы