Моңғолдар жыл басын қалай қарсы алады

6 Ақпан 2019, 16:46
11850
Бөлісу:
Моңғолдар жыл басын қалай қарсы алады
PHOTO

Астана, BAQ.KZ. 5 ақпан Қытай, Моңғолия қатарлы бірқатар шығыс халықтарының жыл басы саналатын «Шаған» - «Цагаан сар» мерекесі басталды. Осыған орай моңғол халқының «цагаан сарды» тойлау ерекшелігі жайлы мәлметтер ұсынбақшымыз.

«Цагаан сар» - моңғол халқының дәстүрлі жаңа жыл мерекесі. Бұл күнді моңғолдар ежелден жыл басы ретінде тойлайды. “Цагаан сар” қазақша сөзбе-сөз аударсаңыз «Ақ ай»- деген мағана береді. Моңғолдар ерте заманнан бері қаһарлы қыстан аман шығып, көктемге қауышқанның белгісі ретінде көне күнтізбесі көктемнің алғашқы күні белгілеп келген. Цагаан сар мерекесін әр өлкедегі қазақтар әр-түрлі атап жүр. Мысалы қытайдағы қазақтар "Шаған мерекесі" десе, Моңғолиядағы қазақтар "Саған сар" деп атайды.

Цагаан сар - мерекесінің шығу тегі көне көктүріктердің күнтізбесі бойынша күн мен түн теңелгенде тойлатқан мереке сыңайлы.

Бүгінгі моңғол ғалымдарының жазғандаруынша ертедегі аңыз әңгімегеде Цагаан сар мерекесі Ғүн дәуіріндегі күн мен түн теңелген кезде тойлатып келе жатқан көне мерекенің жалғасы іспетті. 

Цаган сар – Билгийн тоолол (күн тізбе) бойынша тойланатын мереке 

Бұл мереке жыл санаудың Шығыс Азия халықтары ортасына кең тараған Билгийн тоолол “Қасиетті жыл санау” күнтізбесін пайдалана отырып тойлатады.

Моңғолдар жыл басын қалай қарсы алады

“Қасиетті жыл санау” күнтізбесінде – аспан денелері қозғалысы негізіндегі 12 жәндік атымен аталған 12 жылдық мүшелден және 12 айдан, 365 күннен құралған дәстүрлі үлгі. Басқа жыл санаудан айырмашылығы әрі ерекшелігі бір ғасыр 100 жыл емес, 60 жылмен есептеледі.

60 жылда 12 жылдың әрқайсысы бес реттен қайталанатыны белгілі. Сол бес жылдың әрбіреуі от, су, топырақ, темір, ағаш жылы деп өзіндік ерекшелігімен аталады. 60 жылды ғасыр деу осыдан қалған секілді.

Міне, осы жыл санау бойынша жыл басы Цагаан сар ақпан айының орта тұсына дөп келеді. Әр жылы әр қалай. Быйыл ақпаның 5-і күні Жаңа жыл басталады. 

Цагаан сарды ертеде сүт мерекесі немесе ақ дәм мерекесі деп атаған 

Моңғолдар ертеректе Цагаан сарды көктемде емес күзде қыркүйек айында тойлатқан. Күз мезігілінде көшпелі мал шаруашылығымен өмір сүрген моңғолдарда құрт, ірімшік малдың сүті, айран дегендей ақ тағаммен той жасағандықтан Сүт меркесі немесе мал өнімдері негізге ала Ақ меркесі (Цагаан сар) деп атаған.

Цагаан сар әр ғасырда әр түрлі заман ағымына төтеп беріп келе жатқан моңғолдардың жан дүниесіне орныққан ұлттық мереке. Бұл жыл басы жайлы әр кезеңге шолу жасап көрейік.

Моңғолдар жыл басын қалай қарсы алады

13-ғасыр немесе 1205 жылы Тэмүүжин моңғол тайпаларын біріктіріп хан тағына отырғаннан кейін. Шыңғысхан көнеден келе жатқан мереке «Ақ тағам» мерекесі «көктемнің алғашқы айында мал төлдеп, ақ шығып, гүл бәйшешек жарған кезден тойлату керек»- деген бұйырық түсіріпті дейді. Шынғысханның әмірімен жаңа мемелекет көне мерекені жанғыртып, үлкендерді сыйлау, ағайын туыс бір-бірімен тату болу, ізет білдіру, құрметтеу қатарлы ізгілікке шақырған заңнамалары ғасырлардан жалғасып осы мерекеде көрініс табады. Содан бері жалғасты тойланып келе жатқан Цагаан сар меркесі моңғолдардың ежелгі ұлттық мерекесі.

17-ғасырда Моңғолияда діни ұғым басымдық алып, «Өндөр гэгээн Занабазар» алғашқы Боғдамен сәйкес бұл мерекені діни мерекемен қатар тойлайтын болыпты. Содан бері Цагаан сарғада діни рәсімдер кіре бастағанын моңғол ғалымдары мойындайды.

19-ғасырда моңғолдың алғашқы ұлы тұлғалары Сүхбаатар, Чойбалсандардың ұйымдастыруымен 1921 жылы ұзақ жыл мәнжілер боданында болған Моңғолия өзі жеке егемендік алған еді. 1930 жылдары салт-сана, дәстүрге, дінге шектеу қойылды. 1950 жылдардың басында маршал Чойбалсан қайтыс болсымен Цагаан сар мерекесі тойлату ескінің көзі ретінде Цагаан сарды тоқтату қаупі төнгенде оны бұл ежелден көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын малшылардың тойлатып келе жатқан «малшылар мерекесі» -деп басқаша атау беріп қалалы жерде тыйым салса да, аулдық жерде жасырын тойлатып келген еді.

1990 жылдары Кеңес одағы құласымен «Цагаан сар» мерекесі өз атауына ие болып, жалпы халықтық сипат алды. Ел тәуелсіздігіне арналған ұлы тойлардан кейінгі ұлттық той ретінде тойланып келеді.

Моңғолдар жыл басын қалай қарсы алады

Цагаан сардың алғашқы күні ел басы міндетті түрде құттықтау жолдаса, Цагаан сар мерекесіне орай ел бойынша 3 күн демалыс беріледі. Үкіметтен арнайы қаржы бөліп, еркін тойлауға мүмкіндік жасалған. Цагаан сар кезінде жыл бойғы жұмыс қортындыланып, әр саланың үздіктеріне үкіметтік, министрлік әр сатылы сыйлықтар табыс ету де дәстүрге айналған. 

Цагаан сарды тойлауға дайындық басы «Битүү» күн 

Моңғолдар жыл басын қалай қарсы алады

Цагаан сар негізі «Битүүний» күнінен басталады. Бұл күні моңғолдар ертеңгі істейтін жұмыстарын анықтайды. «Битүүн» күн деген – Цагаан сардың алдынғы, ескі жылдың соңғы түні. Ол түні ай тумайтын болғандықтан «қаранғы түн» деген мағана береді. Және бұл күні жаңа жұмыс бастамайды, тіпті ауыл қыдырмайды. Тек үйінде ертеңгі күн шығысымен Цаган сарды тойлауға дайындық жасалады. Цагаан сар мерекесіне дайындық тазалықтан, қағынып-сілкінуден, барынша жаңа, таза, сәнді киім-кешек әзірлеуден басталады. Бір-бірінің реніштерін кешіп, татуласу моңғолдар үшін де Цагаан сар күнімен қауышудың негізгі шарттары.

Ай бітіп келесі ай туар кездегі осындай ара қашықтықты қазақтар өліара дейді. «Битүүн» күн жайлы моңғолдың жаңа әдебиетінің іргесін қалаушы жазушы Д.Нацагдорж 1932 жылы жазған «Жылдың басы көздің жасы» атты әнгімесінде «битүүн» күні үйде тазалық істеп шаршаған жалшы қыздың өмірін суреттейді. Шығарма сол дәуірде комунистік идеямен жазылса да 1932 жылдарғы Цагаан сар мерекесі жайлы мағұлымат береді. 

Цагаан сар мерекесін тойлау 

Моңғолдар жыл басын қалай қарсы алады

Цагаан сардың алғашқы күні ерте тұрып ең жақсы ең жаңа кимдерін киіп шыққан күннің алғашқы шапағына тәу етіп қарсы алады. Әулеттегі ең үлкен ақсақалға барып амандасады. Жасы кішісі екі қолын ұсынғанда, үлкені екі шынтағын оның қарының үстіне қояды. Бір-бірне ақтық ұсынып, арнайы дайындаған сыйлығын беріп, жақсы көңіл күй сыйлап, мерекелік құттықтау айтады. Содан соң сол шаңырақтан бастап «Ақ тағам» тойын тойлау басталады. Бұл күні жыл бойы ренжіген ұрысқан адамдармен татуласатын күн. Бұл мерекеде күйкі өмір, күйбең тірлікті ұмытып, тек үш күн ұдайы жыл басын тойлатады.

Моңғолдар жыл басын қалай қарсы алады

Цагаан сардың екінші күні орта жастағылар өз шаңырағында үлкендерді шақырып ұлан асыр той жасаса, Цагаан сардың үшінші күні жаппай той думанға ұласады.

Цагаан сар мерекесінде моңғолдарадың үстінен тек өз ұлтының ұлтық киімін ған көресің. Ақ сарайдағы ел басынан бастап анау тау бөктеріндегі малшының үрім-бұтағына дейін ұлттық киімдерін киеді. Бұл күні жаңа замандық үлгідегі костюм пенжекке киген моңғол адамын көре қою өте сирек. Цагаан сарды ресми түрде үш күн дегені болмаса 8 күнге дейін жалғасты тойлатады. Ай бойы тойлататындар да баршылық.

Моңғолдар жыл басын қалай қарсы алады

Цагаан сар мерекесіне орайластырып «Ердің үш сайысы» атты Аламан бәйге, мергендер сайысы, палуан күресімен тойлау мерекелік қызық думанға ұласып келеді.

 Цагаан сар мерекесінің дастархан мәзірі 

Моңғолдар жыл басын қалай қарсы алады

Цагаан сар мерекесінде міндетті түрде қойдың бұзылмаған ұшасын (құйрығымен) пісіріп дастарханға қояды және «Ул боов» (тоқаш, нан) жинап, үстін ақ тағаммен яғни құрт, ірімшік сияқты өзге ақ дәммен толтырады.

Моңғолдар жыл басын қалай қарсы алады

«Ул боов» дегенміз ағаштан бедерлеп ойылған қалыпқа салып істелген сопақ пішінді шелпек тәтті тоқаштар. Моңғолдар үйіне келген қонақтарға мерекеде ауыз тиетін алғашқы дәмі өздерінің айран, сүттен қарапайым әдіспен-ақ тағам сары суынан тартқан шамасы 10-15 градустық шараптары.

Сонымен бірге жаңа замандық тәтті-кәмпит, жеміс-жидектерде дастархан сәнін келтіріп тұрады. Көбінде мәнті (бууз) тартылады.

Діни рәсімдері бойнша бұл күні «Лхам құдайы» отбасына келеді деп тағам дайндап, дастархандарын мейілінше мол етіп, қонақтарды разы болғанша сыйлап жібереді. Жақсы көңіл сыйласа жыл бойы жақсылық болады деп сенеді. 

Альпинист, этнограф Жанарбек Ақби, Моңғолия, Баян-Өлгий.

Өзгелердің жаңалығы