Ұлыбританияда ең қымбат монета шығарылды

3 Наурыз 2020, 10:47
1698
Бөлісу:
Ұлыбританияда ең қымбат монета шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Монетаның салмағы 7 келі, ал құны 7 мың фунт. Бұл теңгемен есептегенде шамамен 3 408 850 теңгені құрайды.

2 наурыз күні Ұлыбританияның патша сарайында алтын монеталардың жиынтығы ұсынылды. Оның ішінде тарихта ең қымбат әрі ең ірі монета болып қалған тиын да кіреді.

Бұл туралы Интерфакс-Украина хабарлады.

Монета Джеймс Бонд туралы "Не время умирать" атты жаңа фильмнің шығуына орайластырылып жасалған. 

Монетада Джеймс Бондтың Aston Martin DB5 автокөлігі мен BMT 216A көлік нөмірі бейнеленген. Көліктің астында британдықтардың ойдан шығарған агенттерінің 007 саны мен тапаншасы да көмкерілген. 

Диаметрі 185 мм, салмағы 7 келі монетадан бөлек жиынтықта екі, бір келілік және 5 унцийлік монеталар бар. 
 

Өзгелердің жаңалығы