"Мона Лизаны" сатып жіберейік: Француз кәсіпкері дағдарыстан шығу жолын ұсынды

20 Мамыр 2020, 14:18
1838
Бөлісу:
"Мона Лизаны" сатып жіберейік: Француз кәсіпкері дағдарыстан шығу жолын ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Француз кәсіпкері Стефан Дистангиан "Мона Лизаның" аты аңызға айналған суретін сату есебінен бүкіл елге дағдарыстан шығуды ұсынды деп жазды Independent басылымы.

Күн сайын біз миллиардтаған еуроны коронавирусқа қарсы күреске жұмсаймыз – суға тас лақтыратын балалар сияқты. Мұның соңы аяқталар түрі жоқ, яғни қаржылық дағдарыс бола береді. Осы шығындардың бәрі бұрынғыша бізге қайтарылады және біз оларға бір нәрсе төлеуіміз керек, - деп мәлімдеді Дистангиан.
Кәсіпкер дағдарыстан шығу үшін қажетті түсімді есептеп көрген,  ол – $50 млрд. Аты аңызға айналған суретті Леонардо да Винчи 1503-1505 жылдары салған. Қазіргі уақытта картина Лувраға қойылған, 2005 жылдан бастап жеке ғимаратта оқ өтпейтін шынымен қоршалған.
Өзгелердің жаңалығы