Бас жаңалықтар
Молдованы азат еткен қазақстандық жауынгерлерге ескерткіш қойылды
24 Шілде 2021, 20:05 1102

Молдованы азат еткен қазақстандық жауынгерлерге ескерткіш қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Молдованың Шерпен плацдармында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге салтанатты түрде ескерткіш ашылды.

Бұл туралы «МИР 24» хабарлады.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі азат ету операцияларының ең сәттілеріні бірі - Ясско-Кишенов операциясы орын алған өлкеде гранит тақталар орнатылды.

1944 жылы кеңес әскері Молдовадан вермахт әскерін қуып шығып, Балқанға қарай бет алған болатын.

Қазақстан тумалары Молдованы фашисттерден азат етуде белсенді түрде атсалысқан. Ескерткіште ұрысқа қатысқан дивизиялардың атаулары жазылған. Ескерткіш эскизі Қазақстанда жасалды, ал ескерткіштің өзі Молдовада жасалды.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде біздің елдің аумағында Қазақстанда құрылған жеті әскери құрама шайқасты. Оның ішінде бес жауынгер мен офицер елдің жоғарғы атағы - Кеңес одағының батыры атағына ие болды. Ескерткіштің бой көтеруіне «Майдан Жолы» іздеу отряды бастамашы болды. Біз олармен жылдар бойы әріптестік орнатып келеміз. Бұндай ой былтыр пайда болған. Алайда пандемия салдарынан ол тек биыл жүзеге асырылды, - деді іздестіру жұмыстарымен айналысатын «Победа» Ұлттық координациялық комитеттің төрағасы Алексей Петрович.

Молдовадағы Қазақстан Республикасының істері бойынша сенімді өкілі Ерлан Мұқашев бұрын барлығымыз бір елдің, бір тудың астында тұрғанымызды еске алды.

Отанды қорғау, Отан үшін өмірін қию - бұл әр азаматтың міндеті болды. Сол себепті қазақстандықтар аянып қалмай, Молдова үшін күресте опат болды, - деді ол.

Айта кетейік, бұл бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің азат етуші-жауынгерлер аллеясындағы алғашқы ескерткіш. 


Фото: дереккөз
Загрузка...