Moderna COVID-вакцинасының 400 мың дозасының көзін жойды

18 Желтоқсан 2020, 19:12
1548
Бөлісу:
Moderna COVID-вакцинасының 400 мың дозасының көзін жойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Препарат өндірісінің соңғы кезеңінде ақау пайда болған. Компания өкілі жоспарланған препарат дозалары міндетті түрде қайта шығарылатынын айтып сендірді.

Moderna америкалық биотехникалық компаниясы өндіріс барысында пайда болған ақауға байланысты коронавирусқа қарсы вакцинаның 400 мың дозасын жойып жіберуге мәжбүр болған. Айтуынша, вакцинаны дайындаудың соңғы кезеңінде құрылғының фильтрациясы жұмыс істемей қалған. Бұл туралы АҚШ үкіметінің вакцина мәселелері бойынша кеңесшісі Монсефа Слауиге сілтеме жасай отырып, Bloomberg хабарлады.

400 мың доза медициналық өнім жалпы мөлшері 1,4 миллион дозадан тұратын үлкен вакцина партиясының бір бөлігі болған.

Сонда да Moderna осы айда алдын ала жоспарланған 20 млн дозаны шығаруға қауқарлы. Бұдан бөлек компания 2021 жылдың бірінші бөлігіне дейін АҚШ-қа арналған 85-100 млн дозаны дайындап шығарады, - деп мәлімдеді Moderna өкілі Рэй Джордан.

Өзгелердің жаңалығы