Бас жаңалықтар
Мобильді бригадалар қызметінің ақысын МӘМС төлейді
04 Шілде 2020, 14:28 105

Мобильді бригадалар қызметінің ақысын МӘМС төлейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тұрғындарға тегін қызмет көрсететін мобильді бригадалар туралы ақпаратты түсіндірді. 

Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, емханалар жанынан COVID-19 және пневмония белгілері бар пациенттерді бақылау үшін, сондай-ақ медициналық көмектің барынша қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін және  асқынулардың алдын алу үшін стационарда емделіп шыққан пациенттерді бақылау үшін мобильді бригадалар (фельдшерлік немесе дәрігерлік) құрылады. Бұдан басқа, мобильді бригадалар созылмалы аурулары бар пациенттерге үйде қызмет көрсетеді, жүкті әйелдер мен балаларға көрсетімдер бойынша патронаж жүргізеді.

Біз жергілікті Денсаулық сақтау басқармасымен тығыз байланыстамыз.  Медициналық мекемелер өздеріне жүгінген әрбір тұрғынға барынша көмектеседі. Мобильді бригадалар ЖРВИ/КВИ/тұмау/пневмония белгілері пайда болған кезде пациенттерге үйге барып, ПТР-тестке жағынды (материал) алады, сондай-ақ диагноз қою үшін медициналық тексеру жүргізеді. Тұрғындар үшін бұл қызмет тегін.болады. Ол үшін емханаларға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді. Есеп бойынша, мобильді бригаданың бір рет шығуы үшін белгіленген тариф 5 400 теңгені құрайды. Мобильді бригаданың қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен, пульсоксиметрлермен және басқа да қажетті көмек көрсету және сол жерде кеңес беру құралдарымен қамтамасыз етіледі, – деп атап өтті "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...