Мобильді ХҚКО-лар Риддерде өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетеді

12 Мамыр 2021, 10:44
1540
Бөлісу:
Мобильді ХҚКО-лар Риддерде өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Риддер қаласындағы өрттен зардап шеккендердің құжаттарын қалпына келтіруге көмектесуде. 

Атап айтқанда, мамандар тұрғындарға қажетті электрондық анықтамаларды алуға, құжаттарды қалпына келтіруге өтініштер қабылдауға қол ұшын беріп жатыр. Қажет болған жағдайда, мемлекеттік корпорация қызметкерлері Көші-қон қызметі басқармасымен және басқа да мемлекеттік органдармен жедел түрде өзара байланыс орнатады. 

Мобильді ХҚКО-лар Риддерде өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетеді

Біздің облыс орталығындағы қызметкерлеріміз бірден эвакуациялау орталығына барып, оқиға болған орында халыққа кеңес беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізе бастады. Біз риддерліктерге құжаттарды жедел түрде алуға көмектесеміз. Жылжымайтын мүлікке, жеке басын куәландыратын барлық құжат тегін ресімделетін болады, – деп түсіндірді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

Бүгінде зардап шеккендердің кейбір бөлігі құжаттардың көшірмелерін алды. ХҚКО-ның мамандары риддерліктерге құжаттарды қалпына келтіруге көмек көрсетуді жалғастырып жатыр.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Лесхоз кентінің тұрғындарынан Риддер орман шаруашылығының орталық орманшылығында шамамен 2 га алаңда құрғақ шөптің жанғаны туралы қоңырау түсті.

Сондай-ақ өрт салдарынан екі ер адамды күйік шалып, жергілікті ауруханаға жеткізілгені және бір әйелдің қайтыс болғаны туралы ақпарат таратты.

ШҚО ТЖД қауырт желі телефоны іске қосылды. Көмекке мұқтаж барлық адам 8(7232) 55-38-19 нөміріне қоңырау шала алады.

Мемлекет басшысының Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі өрттен зардап шеккен Лесхоз кентінің тұрғындарына көмек көрсетіп, баспанамен қамтамасыз етуге қатыстып тапсырма берді.

Айта кетейік, өрт 11 мамырда таңертең сағат 7.00 шамасында сөндірілді. 

Сондай-ақ ТЖМ Риддердегі орман өртіне қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Мәліметке сәйкес бүгін Риддер қаласы маңында қалалық ауқымдағы ТЖ жарияланады.

Кейіннен ШҚО-дағы өрт бойынша күдіктінің ұсталғаны хабарланды. Өрттен зардап шеккендерге көмек ретінде экология министрлігінің қызметкерлері бір күндік жалақысын аударды.


Өзгелердің жаңалығы