Моңғолия Қытайға көмек ретінде 30 мың бас мал берді

27 Ақпан 2020, 23:29
3037
Бөлісу:
Моңғолия Қытайға көмек ретінде 30 мың бас мал берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга бүгін ҚХР-ға іс-сапармен барып қайтты, деп хабарлайды KAZNEWS.

Mongol.cri.cn мәліметі бойынша Бейжің қаласында екі мемлекеттің басшылары кездесу өткізген.

Кездесу барысында ҚХР-ның төрағасы Си Цзиньпин қиын кезеңде қолдау білдірген Моңғолия үкіметі мен халқына ризашылық сезімін жеткізген.


Біздің елдің Үкіметі мен халқы коронавирусқа қарсы іс-әрекет етуде. Бұл сәтте Моңғолия Үкіметі мен халқы бізге көмек қолын созып отырғанына алғыс білдіреміз.

Қытай-Моңғолия екі ел бір-бірін қолдап, бірге қиын кезеңді еңсеруіміз керек. Моңғолия Президенті Х.Баттулга сіз коронавирус тарағаннан кейін ҚХР-на жоғары деңгейдегі іс-сапармен келген алғашқы мемлекет басшысы болып отырсыз. Сіздің сапарыңыз Қытай халқын шын ықыласыңызбен қолдауыңыздың бір дәлелі болмақ, - деді.

Өз кезегінде Моңғолия Президенті Х.Баттулга да Қытай халқына жақсылық тілейтінін айтқан.

Достық және мәңгілік көршілік қарым қатынастағы Моңғол халқы бұл ауыр кезеңде Қытай халқымен бірге екенімізді жеткіземін, - деді.

Сонымен қатар Моңғолия Үкіметі ҚХР-ға көмек қолын созу мақсатында “Мәңгілік көршіге көмектесу” акциясын ұйымдастыру арқылы Моңғол халқынан осы жолғы сапар аясында 30 мың бас мал көмек көрсетіп отырғанын жеткізді.

Кездесуде қос тарап коронавирус мәселесі тек бір елдің ғана мәселесі емес. Сондықтан бірлесіп әрекет ету жөнінде пікір алмасқан.

Өзгелердің жаңалығы