ММА мықтылары Алматыда кездесті

13 Ақпан 2019, 16:41
1966
Бөлісу:
ММА мықтылары Алматыда кездесті

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанның ММА бойынша бірінші бірлескен чемпионатына арналған брифинг өтті. Ел біріншілігі Almaty Arena стадионында ақпанның 13-нен 16-на дейін өтіп жатыр.

Жарысқа облыстық чемпионаттарда іріктеуден өткен Қазақстанның 230-дан астам ең мықты жауынгері қатысады.

Бірлескен чемпионат Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығы және Қазақстанның ММА бірлескен федерациялары қауымдастығы эгидасымен өтіп жатыр.

Чемпионат аясында Ресей ММА одағының бүкілресейлік төрешілер алқасының төрағасы Виктор Корнеев, Қазақстан ММА федерациясы төрешілер алқасының төрағасы Павел Кан және 30 қазақстандық төрешінің қатысуымен төрешілер семинары өтті.

«Біз үшін спортшылардың ғана емес, сонымен қатар бүкіл команданың, төрешілердің кәсіби жағынан өсуі маңызды. Әділетті төрешілер шешімі – спортшылардың және ММА даму деңгейінің өсуі мен адал бәсекелестіктің кепілі», - деді Қазақстанның ММА жауынгерлік аралас жекпе-жек бірлескен федерациясының бас директоры Валихан Тен.

Қазақстанның ММА ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Баян Жанғаловтың сөзінше, бұл чемпионат Қазақстанның халықаралық ММА аренасындағы көшбасшылық рөлін бекіте түсуге жақсы мүмкіндік болмақ.

Өзгелердің жаңалығы