Митингке шыққаныма 90 мың теңге төледі – қырғызстандық ереуілші

9 Қаңтар 2022, 11:05
5857
Бөлісу:
Митингке шыққаныма 90 мың теңге төледі – қырғызстандық ереуілші

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы ереуілге қатысы бар деп танылған қырғызстандық митингке шыққаны үшін 90 мың төлейтінін айтты.

Бұл туралы "Қазақстан" ұлттық арнасы хабарлады.

Оның айтуынша, ол бейтаныс адамдардың көмегімен Қазақстанға ұшып келген. Кейін оны пәтерге орналастырған. Ол жерде басқа да ұлт өкілдері болған.

Алғашқы күні маған бейтаныс адамдар қоңырау шалып, митингке шықанным үшін 90 мың теңге беретінін айтты. Мен Қырғызстанда онсыз да жұмыссызбын. Сол себепті келістім. Олар маған билет сатып алып берді. Қаңтардың 2-сінде Алматыға ұшып келдім. Сосын мені пәтерге апарды. Ол жерде менімен бірге  Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары болды. Олардың не айтып жатқанын түсінбедім. Митинг басталған кезде қорқып кеттім. Пәтеріме қайтып оралдым. Сол түні пәтерде түнеп, келесі күні үйге қайтамын деп шешкен едім. Бірақ мені әскери сақшылар Самсы ауылында ұстап алды, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы