Қазақстанда рұқсат етілмеген митингке шыққан қанша адам жазаланды?

23 Қыркүйек 2019, 14:48
1979
Бөлісу:
Қазақстанда рұқсат етілмеген митингке шыққан қанша адам жазаланды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан қалаларында рұқсат етілмеген митингіге шыққан 100 шақты адам ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлады Tengrinews.kz.  

"21 қыркүйекке дейін Бас прокуратура Қазақстанның әр қалаларында белгіленген жерлерде рұқсат етілмеген митингіге шығу заңсыз екенін ескертті. Сондай-ақ, біз өз тарапымыздан осы митингілердің заңсыз екенін ескерттік және 21 қыркүйекте адамдар тобы жиналған жерлерге полицейлер жасағы шықты және профилактикалық жұмыстар жасалды. Бұл күндері ішкі істер органдарының ғимараттарына 100-ге жуық адам жеткізілді. Олардың 15-і жауапкершілікке тартылды, 9-ы әкімшілік қамауға алынды, 6-ына әкімшілік айыппұл салынды", - деді Тұрғымбаев Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап бере отырып. 

Оның айтуынша, басқа ұсталғандармен профилактикалық жұмыстар жүргізілген соң, үйлеріне жіберілген. 

Сондай-ақ, министр рұқсат етілмеген митингілер 7-8 қалада өткенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы