Мирзиёев: ЕАЭО-ға дәстүрлі емес тәсіл қажет етеді

14 Қазан 2021, 18:48
2668
Бөлісу:
Мирзиёев: ЕАЭО-ға дәстүрлі емес тәсіл қажет етеді

Нұр-Сұлтан BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев мәлім етті. 

Ол бүгінгі кездесуді маңызды тақырыптарды ашық түрде ортаға салатын жиын деп атады.

Оның айтуынша, Еуразиялық Одақ мемлекеттері көптеген жобаны сәтті түрде іске асыруда. 

Одақ қатысушылары - Өзбекстанның табиғи сауда-экономикалық серіктестері.  Пандемияға қарамастан, біздің тауар айналымы жыл басында 30 пайызға өсті және ол оң динамикасын көрсетуде, Өзбекстан тек бақылаушы мәртебесі бар қауымдастықтармен ресми ынтымақтастықпен шектелмейді. Біз ЕАЭО комиссиясымен белсенді қарым-қатынас жасаймыз және көпжақты шараларға қатысамыз, - дейді Өзбекстан президенті.
Сонымен қатар ол ЕАЭО бағдарламалары Өзбекстанға оң нәтиже беріп жатқанын айтты. 

Еуразиялық даму банкімен ынтымақтастық орнату бойынша жұмыс жүргізілуде, оның аясында жаңартылатын энергия, фармацевтика, машина жасау және химия өнеркәсібі салаларында бірлескен жобалар дайындалуда. Әлемдегі күрделі экономикалық жағдай бізден өзара әрекеттестікті күшейтуді, сондай-ақ қазіргі заманғы сын-қатерлерге тиімді жауап беру үшін жаңа дәстүрлі емес тәсілдерді қолдануды талап етеді, - дейді Шавкат Мирзиёев.

Өзгелердің жаңалығы