Минскте қазақ тарихына арналған сынып ашылды

22 Қараша 2020, 10:16
2287
Бөлісу:
Минскте қазақ тарихына арналған сынып ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Минскіде Мұхтар Әуезов атындағы 143-мектепте Әл-Фараби есімімен қазақ тілі, әдебиеті мен тарихын зерделеу кабинеті ашылды, деп жазды 24.kz.

Сыныптың ашылуына Қазақстанның Беларусьтегі Төтенше және өкілетті елшісі Асқар Бейсенбаев пен «Отандастар» қорының өкілдері ат салысты. Жаңа кабинет күрделі жөндеуден өткен. Қазақ тілін, тарихы мен әдебиетін оқып-үйрену үшін елшілік өкілдері оқушыларға танымдық әдебиеттер сыйлады.

Асқар Бейсенбаевтың айтуынша,Әл-Фараби – ұлы ғалымдардың бірі. Оның кітаптары мен еңбектері әлемнің 140 тіліне аударылған. Ол математика, философия, геометрия, биология, химияға баға жетпес үлес қосты. Жалпы мұндай іс-шаралар Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Беларусь басшысы белгілеген Қазақстан мен Беларусь Республикасының өзара достық қарым-қатынасын әр кез нығайтады. Сыныпта алғашқы сабақ онлайн форматта өтті.

Өзгелердің жаңалығы