Минскіде митинг өтті

31 Шілде 2020, 15:16
1859
Бөлісу:
Минскіде митинг өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Минскіде соңғы 10 жылдағы ең ауқымды оппозициялық акция өтті. 

Президенттікке үміткер Светлана Тихановскаяны қолдау үшін митингіге 63 мың адам келді, деп хабарлайды "Весна" құқық қорғау орталығы.

Беларусь қауіпсіздік күштері елдегі тәртіпсіздіктерге дайындық туралы мәлімдегеннен кейін қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Бұл туралы әскери қызметкерлермен кездесуде қазіргі Президент Александр Лукашенко да айтқан болатын.

Акция үш сағаттан астам уақытқа созылды. Ұстау туралы хабарламалар болған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы