Депутат: Еңбек министрлігінің негізгі міндеті – халықтың еңбек етуіне жағдай жасау

24 Қыркүйек 2020, 11:41
2194
Бөлісу:
Депутат: Еңбек министрлігінің негізгі міндеті – халықтың еңбек етуіне жағдай жасау

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов еңбек басшысына тілегін айтып, сауал жолдады.

Біржан Бидайбекұлы, сіз басқаратын министрлік Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі деп аталады. Ал қазіргі таңда осы министрліктің аты затына сай ма? Ол ойланатын мәселе. Өйткені қазір объективті себептерге байланысты министрлік халықты әлеуметтік қолдау және еңбек министрлігіне айналып бара жатыр. Тағы да айтамын, объективті себептерге байланысты соңғы жылдардағы еңбек ресурстарының қиындығына, пандемияға байланысты министрліктің негізгі назары халықты әлеуметтік қолдауға, уақытша жұмыссыз қалған топтарға, халықтың әлеуметтік әлжуаз бөлігіне әлеуметтік көмек көрсетуге аударылып отыр. Бұл бағыттағы жұмысты министрлік ойдағыдай жүргізіп келе жатыр. Оны пандемияның бірінші толқыны көрсетіп берді, - деді депутат. 
Депутат министрге коронавирустың екінші толқыны бола қалса деп айтып отырғанын еске салды. 
Сіз екінші толқыны бола қалса деп отырсыз. Өкінішке қарай, болады. Оны бүкіл әлемдік болжамдар дәлелдеп отыр. Сондықтан екінші толқынында деп сөйлеуге тура келеді, - деді Сауытбек Абдрахманов. 
Ол бүгінгі Үкімет сағатының тақырыбы жаңа жұмыс орындарын құруға арналғаны өте орынды екенін айта кетті. 
Дегенмен біз акценттерді ауыстырып алмасақ екен. Өйткені министрліктің негізгі міндеті - халықтың еңбек етуіне жағдай жасау. Яғни жұмыспен қамтамасыз ету. Содан кейін барып қана еңбек ете алмайтын немесе еңбегі күн көріске жетпейтін топтарға әлеуметтік қолдау жасау. Осы мәселе ұдайы назарда болса деген тілегім бар, - деп атап өтті Абдрахманов. 

Сонымен қатар, депутат министр Біржан Нұрымбетовке мынадай сұрақ жолдады. 

Баяндамада айтылған 238 мың жұмыс орны қай салаларда құрылды? Қай бағыттарға басымдық берілді? Жылдың қай айларында құрылды? Өйткені өткен 8 айдың шамамен 5-6 айы карантин жағдайында өткенін білеміз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы