Министрлік жарылыс салдарынан көз жұмған өрт сөндірушінің жақындарына көңіл айтты

11 Қыркүйек 2021, 22:49
1462
Бөлісу:
Министрлік жарылыс салдарынан көз жұмған өрт сөндірушінің жақындарына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Қарулы Күштердің жеке құрамы Жамбылдағы жарылыс салдарынан көз жұмған  Жәнібек Тұрмановтың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. 

Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Қарулы Күштердің жеке құрамы Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасында орын алған өртті сөндіру кезінде алған жарақаттарының салдарынан  өмірден озған өрт сөндіруші Жәнібек Тұрмановтың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қыркүйекте Жамбыл облысында жарылыс салдарынан зардап шеккен 1993 жылы туған өрт сөндіруші қайтыс болды.

Айта кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысында қайғылы оқиға болды. Байзақ облысындағы әскери бөлімде өрт шығып, арты жарылысқа ұласты. Салдарынан 17 адам қайтыс болып, 100-ге жуық адам жарақаттанды. 

Өзгелердің жаңалығы