Бас жаңалықтар
Министрлік Винокуровқа қатысты ресми мәлімдеме жариялады
25 Маусым 2021, 17:29 724

Министрлік Винокуровқа қатысты ресми мәлімдеме жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрлігі Astana-Premier Tech велокомандасы мен Олимпиада чемпионы, танымал велошабандоз Александр Винокуровқа қатысты ресми мәлімдеме жариялады.

Мәдениет және спорт министрлігі Astana-Premier Tech велокомандасы мен Олимпиада чемпионы, танымал шабандоз Александр Винокуровтың арасындағы жайдан бейхабар. Еліміздегі спорт саласына жауапты мекеме болғанына қарамастан министрлікке бұл ауыс-түйіс жайлы хабарланбады. Мәдениет және спорт министрлігін бұл жайт қатты алаңдатады. Қазір «Астана» Президенттік спорт клубы мен оның қатарындағы барлық құрылымды Мәдениет және спорт министрлігіне беру процесі жүріп жатыр, - делінген хабарламада.

Жақын арада барлық процесс аяқталған соң Astana-Premier Tech велокомандасында болған жайтқа қатысты құқықтық баға беріледі.


Фото: дереккөз
Загрузка...