Министрлік: Ұйымдастырушы да, қатысушы да шектен шықпауы керек

18 Ақпан 2020, 18:29
1187
Бөлісу:
Министрлік: Ұйымдастырушы да, қатысушы да шектен шықпауы керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова "ҚР-да бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі" туралы заң жобасын талқылауға арналған отырыста ұйымдастырушы да, бейбіт жиынға қатысушы да шектен шығып кетпеуі керек екенін айтты.

Ұйымдастырушының өзіндік қоғамдық ұстанымын білдіріп, бейбіт жиын өткізуге құқығы бар. Сонымен қатар ұйымдастырушының бейбіт жиынға қатысушылардың алдындағы өз міндеттемелері мен жауапкершілігі де қарастырылған. Әлбетте бұл тұрғыда азаматтардың қауіпсіздігі үшін артылатын жауапкершілік туралы сөз болып отыр. Ұйымдастырушы да, бейбіт жиынға қатысушы да шектен шығып кетпеуі керек. Яғни олар конституциялық құрылымды құлатуға немесе басқа да зорлық-зомбылыққа шақырмауы тиіс. Аталмыш заң жобасы бейбіт жиындарды өткізудің тәртібін реттейді, - дейді Әлия Ғалымова. 

Оның айтуынша, қатысушылардың да, ұйымдастырушылардың да заң алдында жауапкершілігі бірдей. 

Тіркелген жағдайда әрбір заңбұзушылықтың деңгейіне байланысты. Қандай да бір арнайы шара туралы заң жобасында ештеңе жоқ. Жауапкершіліктің бәрі де қолданыстағы әкімшілік заңнамамен реттеледі, - деген комитет басшысы кез келген бейбіт жиын қоғам өкілдері үшін кедергі болмауы керектігін айтып өтті.
Өзгелердің жаңалығы