Министрлік пен әкімдіктер арасында қызметкерлерді қысқартпау жайлы келісім бар – Ноғаев

27 Мамыр 2020, 13:39
1378
Бөлісу:
Министрлік пен әкімдіктер арасында қызметкерлерді қысқартпау жайлы келісім бар – Ноғаев
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн брифинг барысында айтты.

Коронавирус эпидемиясы мен мұнай бағасының төмендеуіне байланысты отандық мұнай қызметі және мұнай өндіруші компаниялар арасындағы серіктестік перспективалары, мұнай қызметіндегілерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау жасау  мәселелері көлік құрастыру одағы өкілдері мен мұнай сервисі бизнесіне тартылған компания өкілдерінің де көкейінде жүрген мәселелердің бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында мамыр айында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен үкіметтік комиссия және Президент әкімшілігінің өкілдері  5 мұнайлы аймаққа барып қайтты. Олар БҚО, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау және Қызылорда облыстары. Сапар барысында жергілікті әкімдік өкілдері және жер қойнауын пайдаланушылармен өткен кездесуде ҚР Энергетика министрлігі және әкімдіктер арасында қызметкерлерді жұмыстан қысқартуға және жұмыс көлемін азайтуға жол бермеу туралы іс-шаралар жоспары бекітіліп, келісім жасалды, - деді министр.

Оның сөзінше, бүгінде мұнайсервистері компанияларының жұмыс көлемі төмендеуде. Десе де, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шаралары бар.
Бүгінде мұнайсервистері компанияларының жұмыс көлемі төмендеуде. Бұл – факт. Дегенмен, Президенттің тапсырмасына сәйкес, Үкімет шағын және орта бизнес субъектілерін, жүйе қалыптастырғыш мекемелерді қолдау жұмыстарын жүргізуде. Мұнай сервисі компаниялары мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шараларын пайдалана алады. Сонымен қатар, ҚР Энергетика министрлігі Үкіметтің қолдауымен жер қойнауын пайдаланушылардың тауарлар мен қызметтерді алу ережесіне өзгеріс енгізді. Онда жер қойнауын пайдаланушылардың "Атамекен" ҰКП-ның CT-KZ сертификаты болса, конкурстан өтпей-ақ, тауарлар мен қызметтерді алуға құқығы бар делінген, - деді Нұрлан Ноғаев.
Өзгелердің жаңалығы