Министрлік мүгедектік бойынша жәрдемақының орташа мөлшерін айтты

14 Қазан 2021, 11:24
5578
Бөлісу:
Министрлік мүгедектік бойынша жәрдемақының орташа мөлшерін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 232,4 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 59,8 млрд теңге бағытталды.

2021 жылдың қыркүйек айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 25,7 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 5,5 млрд теңге жұмсалды, - делінген министрліктің хабарламасында.
2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 528,1 мың адам, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 134,3 мың адам.

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адамдар санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңында белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 48 743 теңге, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 40 995 теңге, - делінген хабарламада.
 
Өзгелердің жаңалығы