Министрлік авиаотынның жетіспеушілігіне қатысты түсініктеме берді

28 Қазан 2021, 09:19
904
Бөлісу:
Министрлік авиаотынның жетіспеушілігіне қатысты түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Энергетика министрлігі елордалық әуежайдың авиаотынның жетіспеушілігі бойынша мәлімдеме жасады.

Энергетика министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының әуежайын авиаотынмен қамтамасыз ету бойынша қалыптасқан жағдайға қатысты әуежайлар мен авиакомпаниялар импорттың қажетті көлемін жеткізуді қоса алғанда, авиаотынмен қамтамасыз ету мәселелерін алдын ала және өздігінен пысықтаулары тиіс екендерін атап өтеді, - делінген министрлік таратқан хабарламада. 

Аталған жағдай шаруашылық жүргізуші субъектілердің ағымдағы коммерциялық қызметі.

Министрлік өз тарапынан қыркүйек айының басында компанияларға Павлодар мұнайхимия зауытында жоспарланған жөндеу жұмыстары туралы хабарлаған болатын.

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы бойынша жағдайды шешу мақсатында келесі реттегі шаралар қабылданды:
- Қазан айында Мұнай өңдеу зауыттарында (МӨЗ) қосымша 2000 тонна авиаотын шығарылады, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына қосымша көлем бөлінетін болады;
- Ірі жеткізушілер қарашаға арналған көлемдер бойынша жедел келісімшарттар жасасады және МӨЗ-ден жөнелтуді жеделдетеді;
- Сондай-ақ, ірі жеткізушілердің бірі Нұр-Сұлтан әуежайына қосымша 700 тонна авиаотын жеткізеді.

Осы орайда, әуежайлар тарапы қажет отын көлемін тек қана ірі емес, сонымен қатар шағын жеткізушілерден коммерциялық бағамен сатып алуы қажет екендігін атап өтеміз. Сондай-ақ, Ресей нарығында авиаотын бойынша жағдайдың жақсарғандығын ескере отырып, Ресей МӨЗ-нен импорттау мүмкіндігі де бар екендігін қосымша атап өтеміз. Индикативтік балансқа сәйкес РФ-дан 300 мың тоннаға дейін импорт жасау жоспарланған, іс жүзінде 9 айда ол бар болғаны 55 мың тонна, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Назарбаев әуежайындағы әуе тасымалытоқтап қалуы мүмкін екенін, әуе жанар-жағармайымен қамтамасыз ету ел бойынша қиынға соғып отырғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.


Өзгелердің жаңалығы