Министрлер қай вакцинаға басымдық беруде?

5 Мамыр 2021, 17:17
1200
Бөлісу:
Министрлер қай вакцинаға басымдық беруде?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді.

Оның айтуынша, министрлер мен мемлекеттік қызметшілер де барлық азамат сияқты вакцинаны өздері таңдайды.

Менің қолымда қанша министр, қандай вакцинаны алғаны туралы ақпарат жоқ. Олар да ел азаматтары сияқты өз денсаулықтарын сақтау үшін ерікті түрде барып вакцина алуда. Әріптестерім елдегі барлық вакцина түрін пайдаланып жатқанын байқаймын. Алғашқыдағыдай емес, қазіргі күні елде вакцина таңдау мүмкіндігі бар екенін білесіздер. Ресейлік, отандық вакцинадан басқа «Hayat Vac» вакцинасын алу мүмкіндігі де берілді. Бір айта кетерлігі елдегі барлық вакцина сертификатталған және қауіпсіз, - деді ол.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілер белсенді түрде вакцина алуда.

Бір әріптесінің вакцина алып жатқаны ұжымдағыларға оң әсерін тигізуде, бірінен бірі естіп олардың да саналы түрде барып вакцина алатындарын байқауға болады. Бір-бірімен әсерлері жөнінде бөлісіп те жатыр. Бәріміз де солай вакцинацияланғанбыз, - деді ол.

Ол сонымен қатар вакцина репродуктивтік жүйеге қалай әсер етеді деген сауалға да жауап берді. Оның айтуынша, вакцина ағзаны қауіпті вирустан ғана емес одан кейін болатын ауыр әсерлерінен де сақтандырады. Сондықтан вакцина алу арқылы сіз кейін репродукциялық және өзге де жүйелерге кері әсерін тигізетін жалпы ағзаңызды да қорғайсыз.

Өзгелердің жаңалығы