Министрлер кабинетіне гранатамен кірген ер адам ұсталды

4 Тамыз 2021, 15:30
2646
Бөлісу:
Министрлер кабинетіне гранатамен кірген ер адам ұсталды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ер адамды берілуге көндірді және ұстады. Ол құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен кешірім сұраған. Бұл туралы korrespondent.net хабарлады.

Қолындағы граната жауынгерлік болып шыққан.

Оқиғаға байланысты тәртіп сақшылары Министрлер кабинеті маңындағы көшелердегі көлік қозғалысын шектеп, көшені жауып тастаған.

Патрульдік полицейлердің арнайы операцияға байланысты Хрушевский көшесінде (Парковая жолынан Шелковичнаяға дейін) және Садовая көшелерінде көлік қозғалысын жауып тастады, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, белгісіз біреу Министрлер кабинетінің ғимаратын жарып жібермекші болған еді.


Өзгелердің жаңалығы