Министрдің кеңесшісі Мирас Мұқаш жаңа қызметке тағайындалды

5 Желтоқсан 2019, 23:32
3426
Бөлісу:
Министрдің кеңесшісі Мирас Мұқаш жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі болған Мирас Мұқаш "Қазақстан" Республикалық телерадиокешені" АҚ Ақтөбе облыстық филиалы "AQTÓBE" телеарнасының директоры болып тағайындалды.


Ұлттық арнадан хабарлағандай, Ақтөбеге "Қазақстан" РТРК" АҚ төрағасының орынбасары Ержанар Әшейхан келіп, "AQTÓBE" телеарнасының ұжымына Мирас Мұқашты таныстырды. 

Айта кетейік, Мирас Құлтөлеуұлы Мұқаш 1985 жылы 7 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. 2001 жылы №92 қазақ-орыс орта мектебін бітірді. 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.

Республикалық басылымдарда жұмыс істеп, "Хабар" агенттігінің жаңалықтар бөлімінде еңбек етті. Телеарнаның Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі болды әрі "Қазақстан" ұлттық телеарнасының тілшісі қызметін атқарды.

Сонымен қатар, "Жетінші арнада", оның ішінде "Нысана" қорытынды бағдарламасының тілші-редакторы болды.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. 


Өзгелердің жаңалығы