Министр "Жусан" операциясы аясында елге оралған әйелдерді 100 % оңалтуға тапсырма берді

27 Қаңтар 2020, 13:47
1855
Бөлісу:
Министр "Жусан" операциясы аясында елге оралған әйелдерді 100 % оңалтуға тапсырма берді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат министрі Дәурен Абаев "Жусан" операциясы аясында елге оралған әйелдерді 100 % оңалту қажет екенін айтып, тиісті тапсырмасын жүктеді. Бұл туралы бүгін өткен алқа отырысында мәлімдеді. 

Мен осы сұрақ бойынша жетекшілік ететін вице-министрге "Жусан" операциясы аясында террористік әрекет аймағынан оралған әйелдерді 100 %  оңалту міндетін қойдым. Бұл дегеніміз – тек психоэмоционалды бейімделуге ғана мес, сонымен қатар әлеуметтік бейімдеу дегенді білдіреді, - деп айтты Дәурен Абай министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Сондай-ақ, ақпарат және қоғамдық даму министрлігі діни саланы дамыту бойынша стратегиялық құжатты әзірлеуді және қабылдауды жоспарлап отыр.
Жиын барысында министр биылғы жылы 2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясат Тұжырымдамасын іске асырудың мерзімі өз мәресіне жететіні туралы хабарлады. 

Сонымен қатар, ведомство басшысы биылғы Дінтанушылардың форумы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің XIX Хатшылығының өткізу қажеттілігін атап өтті.

Еске сала кетейік "Қазмедиа" орталығында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиында министр Дәурен Абаев телеарналар мен интернет ресурстардың мемлекеттік тапсырысты орындау критерийін бағалау жүйесі өзгеретіні және жас журналистер мен студенттер арасында "Үміт" конкурсы өтетіні
туралы айтты. 

Дәурен Абаев отбасылық саясатты дамытудың екінші сатысы басталатынын жеткізді.


Өзгелердің жаңалығы