Бас жаңалықтар
Министр «Жошы хан күмбезінің» қасына ректордың ата-анасының жерленуіне қатысты пікір білдірді
14 Мамыр 2021, 18:46 2910

Министр «Жошы хан күмбезінің» қасына ректордың ата-анасының жерленуіне қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Ұлытаудағы «Жошы хан күмбезі» тұрған аумақтың жанына үлкен мазарлар тұрғызғандарға қатысты пікірге білдірді.

Ұлытаудағы «Жошы хан күмбезі» тұрған аумақ - республикалық тарихи маңызы бар жер. Мемлекет қорғауында, Мәдениет министрлігінің қарауында болса да, күмбездің қасында үлкен жаңа мазарлар бой көтеріп жатыр. Соның біріне Жезқазған университеті ректорының ата-анасы жерленген. Жаңа мазарлардың салынуына кім рұқсат берген? – деп тілшілердің бірі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сауал жолдады.

Министр Жошы хан мазары – Ұлытау тарихи-мәдени қорық-мұражайының құрамына кіретінін, сондықтан ондай мазарлар салуға заң бойынша тыйым салынғанын айтты.

Жошы хан мазары – Ұлытау тарихи-мәдени қорық-мұражайының құрамына кіреді. Кесененің аумағына ешқандай келісу процедураларынсыз салынған мазарлар наразылық тудырып жатыр. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңына сәйкес, бұл іс-әрекеттер заңсыз болып табылады. Жерлеуге жер бөлу мәселесі жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде. Ескерткіш аумағынан неге арнайы жер телімі берілгенін анықтау қажет. Ұлытау қорық-мұражайының әкімшілігі тарапынан олқылықтар жіберілді, тиісті шаралар қабылданады. Алдағы уақытта осы мазардың тарихи қоры мұражайдың құрамында болғандықтан осы музей әкімшілігің жұмысына қатаң қараймыз, ескерту жасалады, - деді Ақтоты Райымқұлова.

Ведомство басшысы атап өткендей, осы маңда күмбезі бар бірінші мазар 1997 жылы салынған. Ал аумақ министрліктің қарауына 2007 жылы берілген.

Айта кетейік, бұл мәселені жақында актер Нұртас Адамбай көтерген еді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...