Министр жастарға арналған тарихи бағдарламаларды көбейту мәселесін көтерді

28 Мамыр 2021, 16:16
6549
Бөлісу:
Министр жастарға арналған тарихи бағдарламаларды көбейту мәселесін көтерді
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде жас тарихшылармен кездесу барысында айтты.

Бізде біржақты қоғам емес. Қоғамның көптеген тарапы бар. Оның барлығы өз пікірін білдіргенде жастар алуан түрлі пікірдің ішінде тарихи мағлұмат не болмаса тарихи ақиқатқа көз жеткізе алмай жатады. Әлі күнге дейін Кеңес үкіметін аңсап, соған қайта оралуды қалайтын азаматтар да жоқ емес, - деді Балаева.

Министр атағандай, барлығында бірдей дұрыс пікір қалыптастырып, дұрыс жолды алып жүру жолындағы рөл өте ауқымды.

Оның ішінде ақпарат құралдары жастарға қызықты басқа форматтағы дүниелерді ұсынуы керек. Зерттеулер көрсеткендей, телеарналардан қанша жаудырып көрсеткенімен жастар ол форматтағы бағдарламаларды көрмейді. Оны ғылымда жүрген не болмаса мемлекеттік қызметте жүрген 30-дан асқан азаматтар көруі мүмкін. Ал жаппай жастар біздің арнайы жасалып жатқан бағдарламаларды өкінішке қарай көрмейді. Сондықтан біздің қазіргі мақсатымыз - осы. Сана танымдық және ағарту бағдарламаларынан өзгереді, - деді ол.

Осы орайда министр «100 жаңа есім» байқауының жеңімпазын мысалға алды.

Байқауға қатысқан жігіт Жапонияға кеткелі жатқан жерінен химия пәнін tiktok-та үйрету арқылы өзінің басқа жолын тапты. Біз де сондай жолдарды ойластыруымыз керек. Қазір жастарымыз жаман емес. Олардың рухы да, намысы да, ойы мен жігері де бар. Бірақ біз өзінің тарихын білетін және болашаққа ой тастайтын жастарды қалыптастыруымыз керек. Осы кездесудің ұсынысы ретінде тарихи тұрғыдағы жастарға арналған арнайы бағдарламалар мен жобаларды көбейту мәселесін қарастырайық, - деді Аида Балаева.

Өзгелердің жаңалығы