Министр жастар үшін қанша пәтер салынатын айтты 

25 Маусым 2019, 17:53
1529
Бөлісу:
Министр жастар үшін қанша пәтер салынатын айтты 
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев халық алдындағы есептік кездесуінен кейін өткен баспасөз жиынында жастарға арналып қанша пәтер салынатынын айтты.

«Біздің министрлік арендалық тұрғын үйді беру ережелерін әзірледі. Жастарға арналған арендалық баспананың ережелері 1 тамызға дейін бекітіледі. Жастар үшін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 350 жалдамалы пәтерден, ал Шымкентте 300 пәтер салынады», - дейді Дәурен Абаев. 

Оның айтуынша, жастар жылының мақсаты жас қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз ету. Бұл қолға алынған шаралардың бірі ғана деп отыр. 

«Министрлік жұмысының негізгі басымдықтарының бірі жастарды қолдауға арналған. Жас қазақстандықтардың өзекті проблемаларын тиімді шешу үшін Жастар жылын жүзеге асыру бойынша Жол картасы бекітілді. Оның аясында 89 шара қарастырылып отыр. Екіншіден, жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау қамтылды. Ол үшін арнайы «Жас кәсіпкер» жобасы әзірленді. Одан бөлек, кәсіпкерлік негіздеріне үш жылдың ішінде 50 мың студентті оқыту көзделіп отыр. Сонымен бірге, жас кәсіпкерлерге мемлекеттік грант, тиімді шарттармен кредит пен микрокредиттер беру де қарастырылған. Білім беру мен волонтерлікті дамыту аясында жастар арасында «Жас маман» бағдарламасы әзірленді. Жоба аясында ел бойынша оқу орындары үшін 400-ден астам заманауи жабдықтардың жиынтығы алынады», - дейді министр.
Өзгелердің жаңалығы