Министр «Қарағанды-Балқаш-Бурылбайтал» тас жолындағы құрылыс жұмысын тексерді
5 Мамыр, 10:38 396

Министр «Қарағанды-Балқаш-Бурылбайтал» тас жолындағы құрылыс жұмысын тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды ​​облысына жұмыс сапары аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «Қарағанды-Балқаш-Бурылбайтал» автожолын қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. 

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қайырбек Өскенбаев 1492-1517 шақырым аралығындағы учаскедегі жұмыстарды тексерді, бұл аралықтағы автожолды қалпына келтіру жұмыстарын «ҚазГерСтрой» ЖШС айналысып келеді. Министр сондай-ақ «Sinohydro Corporation Ltd», «SMS» және «CITIC Construction Co.Ltd» мердігер құрылыс компанияларының басшыларымен кездесті.

Сапар қорытындысы бойынша министр «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-на бірқатар тапсырмалар беріп, құрылыс жұмыстарының барысы бойынша жекелеген мәселелерді бақылауға алды.
 


Фото: дереккөз
Загрузка...