Министр Pfizer вакцинасының қашаннан бастап салынатынын айтты
10 Қараша 2021, 10:09 78

Министр Pfizer вакцинасының қашаннан бастап салынатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, Comirnaty (Pfizer) вакцинасын сақтайтын қоймаларды дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

15 қарашаға дейін 379 мың доза көлемінде Comirnaty (Pfizer) вакцинасының бірінші легін жеткізу жоспарланып отыр. Оны сақтау үшін 34 бірлік тоңазытқыш жабдықтар сатып алынып, 16 өңірге жеткізілді. Одан бөлек, қосымша 51 бірлік салқындатқыш құрылғы дайындалды, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Бұған дейін балаларға екпе оқу орны бойынша, яғни білім беретін мекеменің екпе пункттерінде салынып жүргені белгілі.

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина да ата-аналарды немесе кәмелетке толмағандардың өзге де өкілдерін хабардар ете отырып, білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын болады, - деді Алексей Цой.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде қанша балаға коронавирусқа қарсы екпе салынатыны туралы жазған болатынбыз.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...