Министр: Пара беруші де параны алушымен бірдей жазалануы тиіс

9 Қараша 2021, 11:19
768
Бөлісу:
Министр: Пара беруші де параны алушымен бірдей жазалануы тиіс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Хабар» телеарнасының «Национальный интерес» бағдарламасына берген сұхбаты барысында хабарлады. Оның айтуынша, параны беруші алушымен бірдей жаза арқалауы тиіс.

Пара беруші қылмыстық жауапкершіліктен жалтаратын жайттар жиі кездеседі. Ол заң бұзып отыр, адамды азғырды. Егер ешкім пара бермейтін болса, алатын да адам болмайды. Осылайша, қоғам өздігінен тазаруы тиіс. Менің талабым бойынша, егер қызметкерге пара ұсынылса, ол пара берушіні ұстап, рапортқа бәрін түсіріп, пара туралы хабарлауға міндетті. Биыл осындай 109 дерек тіркелді, - деді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін полицияның жаңа формасын түрмеде жазасын өтеушілер тігетіні туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы