Министр пандемия кезінде қандай қылмыс түрі көбейгенін айтты

9 Қараша 2021, 09:55
954
Бөлісу:
Министр пандемия кезінде қандай қылмыс түрі көбейгенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Хабар» телеарнасының «Национальный интерес» бағдарламасына берген сұхбаты барысында хабарлады. Оның айтуынша, пандемия кезінде екі проблема пайда болған.

Бұл мәселе бұрындары аса қатты көзге түспеген. Соңғы 3 жылда елімізде қылмыс 47%-ға азайды. Алайда екі қылмыс түрін азайғандардың қатарына жатқыза алмаймыз. Оның бірі – отбасылық-тұрмыстық қылмыс болса, екіншісі – алаяқтық. Онлайн жұмыс істеу алаяқтықтың белең алуына әкелді, – деді ведомство басшысы.

Ал көшедегі қылмыс 25%-ға төмендеген деп отыр.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақталды. Жағдайды қалыпқа келтіру үшін кәмелеттік жасқа толмаған инспекторлардың штатын 700 бірлікке көбейттік. Қазір олардың саны 2500-ді құрайды, – деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде 4 жаңа түрме салынатыны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы