Министр: Орманшылар, қорықшылар күн демей, түн демей қиын жұмыс атқарып келеді

9 Қыркүйек 2021, 13:05
2828
Бөлісу:
Министр: Орманшылар, қорықшылар күн демей, түн демей қиын жұмыс атқарып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты.

Жолдауда қазақстандықтарға, оның ішінде біздің орман және балық саласы үшін бірқатар қуанышты жаңалық болды. Бұл ретте, мемлекет 2022-2025 жылдар аралығында жыл сайын азаматтық қызметкерлердің жалақысын орташа алғанда 20%-ға жоғарылатады, - деп айтты ол.

Министр бұл дер кезінде қабылданған шешім екенін атап өтті.

Себебі статистикаға сүйенсек, аталған санаттағылардың жалақысы еліміз бойынша ең төмен. Ал біздің орманшылар, балықшылар, қорықшылар ауа райына қарамастан, күн демей, түн демей қиын жұмыс атқарып келеді, - дейді Экология министрі.

Мырзағалиев халықтың әл-ауқатын жақсарту және еліміздің өркендеуі әрқайсымыздың қолымызда екенін атап өтті.

Біздің жоспарлар мен іс-әрекеттен шыққан нақты нәтижелерге байланысты. Вице-министрлер мен комитет, департамент басшыларынан Президент Жолдауындағы тапсырмалардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етулерін сұраймын, - деді Мағзұм Мырзағалиев өз сөзінде.

Өзгелердің жаңалығы