Бас жаңалықтар
Министр: Оқушылар олимпиадаларының жаңа үлгілері енгізіледі
15 Наурыз 2021, 11:44 593

Министр: Оқушылар олимпиадаларының жаңа үлгілері енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Асхат Аймағамбетов айтты.

2020 жылы еліміздің дарынды балалары халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 437 медаль жеңіп алды. Ауылды жердегі дарынды балаларды анықтау және қолдау жөніндегі «Мың бала» жобасын іске асыру жалғастырылады. Бүгінгі күні нәтижесін көрсетіп отырған жақсы жоба екені мәлім, - деп айтты министр.

Дарынды балаларды қолдау жұмыстары да кешенді түрде жалғасын табады.

«Мың бала» жобасы, республикалық және президенттік олимпиаданың жаңа үлгілері енгізіледі. 

Сонымен бірге жақында қабылданған заңның шеңберінде қосымша білім алуға тең мүмкіндік беру үшін мемлекеттік тапсырыс орналастырылады. Бұл жұмыс та конкурс негізінде өтеді. Жекеменшік ұйымдарына орналастырылғаннан кейін қосымша біліммен қамту деңгейін әлдеқайда ұлғайтуға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Қосымша білім беру ұйымдарын дамыту бойынша кей өңірлерде біріктіру, оптимизация, жобу бойынша бастама бар. Айтқым келетіні - мұндай ұйымдарды жаппай, керісінше дамытуымыз керек, - деп түсіндірді Аймағамбетов алқа отырысында.


Фото: дереккөз
Загрузка...