Министр мемлекеттік қызметкерлерге смартфон қашан рұқсат етілетінін айтты

20 Ақпан 2019, 16:14
2084
Бөлісу:
Министр мемлекеттік қызметкерлерге смартфон қашан рұқсат етілетінін айтты

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мемлекеттік қызметкерлердің смартфон мәселесі биыл шешілетінін жеткізді. 

«Біздің министрлік осы бағдарламалардың жүзеге асуына жауапты. Біз қазір мемлекеттік қызметкерлерге смартфондарды әкелуге мүмкіндік беретін бір шешім таптық. Біз өткізген пилот сәтті өтті. Ұзақ уақытты алатын белгілі бір процедуралар бар екенін біз түсінуіміз қажет. Осы мәселені биыл шешеміз деп ойлаймын. Пилот Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде өткізіліп, тек 10 қызметкерді қамтыды. Одан кейін мүмкін бүкіл министрлік аясында ұйымдастырамыз», - деп сендірді Дәурен Абаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.

Атап өтсек, қазіргі таңда мемлекеттік қызметкерлерге жұмыста смартфон ұстауға тыйым салынған.

Қымбат Елтайқызы

Өзгелердің жаңалығы