Министр Қырғызстандағы отандық кәсіпорындарға жасалған шабуылға алаңдаулы

29 Қазан 2020, 15:46
1070
Бөлісу:
Министр Қырғызстандағы отандық кәсіпорындарға жасалған шабуылға алаңдаулы
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Казакбаевпен келіссөздері өтті.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, транзит-көліктік және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Қырғызстан ынтымақтастығы мәселелері бойынша пікір алмасты. Бұрын аса жоғары және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарға бейілділік расталды.

Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары 1997 жылғы 8 сәуірдегі Мәңгілік достық туралы және 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Одақтастық қатынастар туралы шарттар рухында екі елдің стратегиялық әріптестігі мен көпжоспарлы ынтымақтастығын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Министр Қырғызстандағы отандық кәсіпорындарға жасалған шабуылға алаңдаулы

Келіссөздер барысында Мұхтар Тілеуберді Қырғызстандағы қазақстандық кәсіпорындарға жасалған шабуыл фактілеріне жоғары алаңдаушылық білдіріп, қырғыз тарапын құқықтық тәртіпті және ҚР азаматтары мен компанияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға шақырды, - делінген хабарламада.

Министр Қырғызстандағы отандық кәсіпорындарға жасалған шабуылға алаңдаулы

Министрлер халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады. Орталық Азия аймағында өңірлік кооперацияны дамытуда оң динамиканы сақтауға ерекше назар аударылды.

Министр Қырғызстандағы отандық кәсіпорындарға жасалған шабуылға алаңдаулы

СІМ басшылары COVID-19 жаһандық пандемиясына қарсы бірлесіп іс-қимыл жасау мәселелерінде өзара әрекеттестік жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті.

Өзгелердің жаңалығы