Бас жаңалықтар
Министр: Каспий маңындағы өңір еліміз үшін стратегиялық мәнге ие
12 Сәуiр 2019, 22:41 724

Министр: Каспий маңындағы өңір еліміз үшін стратегиялық мәнге ие

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаев Ақтау қаласындағы Әуе қорғанысы күштерінің авиациялық базасына барды.    

ҚР ҚК ӘҚК-нің авиациялық базасына баруы барысында Қорғаныс министрі тікұшақтың апатқа ұшырауы кезінде қаза болған әскери қызметшілерді еске алып, жеке құрамның моральдық-психологиялық хал-жағдайын сұрастырып, авиабазаның командалық, ұшу және инженерлік-техникалық құрамдарымен кеңес өткізді. 

«Каспий маңындағы өңір еліміз үшін стратегиялық мәнге ие. Сіздер алдыңғы қатардағы шептесіздер және Сіздерге айрықша міндет – еліміздің әуе мемлекеттік шекарасын күзету жүктелген. Осыған байланысты, теңіз бетінде ұшуларды жүзеге асыру жоғары ұшу шеберлігін, ұшақтар мен тікұшақтардың, жеке құрамның сапалы дайындығын, барлық регламенттердің сақталуы мен жерүсті қызметтердің үйлесімді жұмыс жасауын талап етеді. Ел басшылығы, Қорғаныс министрлігі әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Әскери-әуе күштерінің ерекше рөлін түсіне отырып, жыл сайын авиациялық техникаға Қарулы Күштердің қару-жарағы мен әскери техникасын дамыту мен ұстауға бюджеттің 50-ден аса пайызын жұмсайды. Әскери-әуе күштерін жарақтандыруға Су-30СМ заманауи ұшақтары, Ми-35, Ми-171 тікұшақтары, барлау соққы беретін ұшқышсыз ұшу аппараттары келіп түсуде. Қолданыстағы авиапаркті жаңартумен күрделі жөндеулер жүргізілуде. Сонымен бірге, тапсырылған учаскеде әрбір әскери қызметшіден жауаптылық, ұқыптылық, тиянақтылық қажет етіледі», - деді генерал-майор Н. Ермекбаев. 

Кеңес қорытындысы бойынша қорғаныс ведомствосының басшысы жауынгерлік әзірлікті арттыру, авиациялық жүйенің іске қосылуының жоғары сенімділігіне қол жеткізу, ұшу құрамын әртүрлі стандартты емес жағдайларда әрекет етуге оқыту жөнінде нақты нұсқаулар берді және авиабазаның жеке құрамын жаңадан тағайындалған командир подполковник М. Әскетаевпен таныстырды. 

Сізден жаңалық