Министр халықтың табысын арттыратын бастамаларды атады 

12 Қаңтар 2022, 10:15
1096
Бөлісу:
Министр халықтың табысын арттыратын бастамаларды атады 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты.

Қазіргі уақытта Әлеуметтік кодекстің жобасын әзірлеу жүргізілуде, оны 2022 жылғы желтоқсанда Парламент Мәжілісінің қарауына енгізу жоспарланып отыр. Әлеуметтік кодексті қабылдау: азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен міндеттерін бір жүйеге келтіруге; мемлекеттің, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің әлеуметтік саладағы міндеттемелері мен жауапкершілігін нақтылауға мүмкіндік береді, - деді Шәпкенов.

Министр халықтың табысын арттыру бағдарламасы бойынша бірқатар ұсыныстар бар екенін айтты.

Бірінші кезекте бұл жалпы табыс пен жұмыспен қамтуды арттыруға бағытталған бастамалар. Жеке қолдау шараларын: мамандық таңдауға, оқуға және жұмысқа орналасуға көмек көрсету үшін халықтың әлеуметтік осал топтары мен NEET санатындағы жастарды «ерте анықтау жүйесін» енгізу көзделіп отыр. Ақпараттық жүйелердің көмегімен іске асырылып жатқан ұлттық жобалар шеңберінде жұмыс орындарын құруды және жұмысқа орналастыруды бақылауды қамтамасыз ету жоспарланып отыр, - деді ол.

Шәпкенов айтқандай,  «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, ауыл кәсіпкерлігін дамыту бойынша шаралар кешені әзірленуде.
Бұл шаралар ауылдардың мастер-жоспарларын қалыптастыруды, кәсіпкерлікке оқытуды, өнімдер мен қызметтерді сатып алуға кепілдік бере отырып, жеңілдетілген кредиттер мен гранттарды қамтитын болады, – деді Серік Шәпкенов.

Министр Еңбекмині халықты жұмыспен қамту бойынша жұмыс аясында жастардың жұмыспен қамтылуына ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

Қазіргі уақытта Министрлік жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған шараларды жүзеге асыруда – бұл «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобалары. Аталған жобаларды күшейту үшін жастардың қатысу мерзімі мен жалақы мөлшері ұлғайтылады, – деді Серік Шәпкенов.

Сөз соңында ол тұрақты жұмыс орындарын құру шарттарының бірі – кәсіпкерлікті дамыту болып табылатынын атап өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеке ісін дамытуға арналған грант мөлшері 200-ден 400 айлық есептік көрсеткішке дейін (612,6 мыңнан 1,2 млн теңгеге дейін) ұлғайтылады, сондай-ақ қаржыландыруға үміткер бизнес-жобалардың атаулылығын және бағалануын күшейту бойынша шаралар кешені қабылданады, – деп түйіндеді министр.

Өзгелердің жаңалығы