Министр Германияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

22 Қазан 2020, 22:22
1399
Бөлісу:
Министр Германияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тило Клиннермен кездесті. 

Тараптар екіжақты қарым-қатынастың қазіргі ахуалы мен инфрақұрылымдық және шикізат салаларындағы перспективалық инвестициялық жобалар туралы талқылады.

Қазақстан 2012 жылы екі ел арасында қол қойылған Шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы серіктестік туралы келісім аясында өзара ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше маңыз береді. Неміс серіктестермен бірлесіп Қазақстанда 25 жоба табысты іске асырылып, 5925 тұрақты жұмыс орны ашылды.  

Сонымен қатар Германия елшілігінің өкілдері заңнамалық саладағы жаңалықтар мен еліміз мүдделік танытып отырған жобалық мүмкіндіктер жөнінде хабардар етілді. «Schaeffler Group», «Volkswagen AG», «KNAUF” сияқты неміс экономикасы көшбасшыларымен серіктестік қатынасты дамыту Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтереді.   

Кездесу қорытындысында тараптар болған әңгімеге ризашылық білдіріп, екіжақты қарым-қатынасты әрі қарай тереңдетуге дайын екендерін білдірді. 

Өзгелердің жаңалығы