Министр еліміздегі коронавирус басылмай тұрған екі өңірді атады

12 Қараша 2021, 16:49
758
Бөлісу:
Министр еліміздегі коронавирус басылмай тұрған екі өңірді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. 

Оның айтуынша, еліміз эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес «жасыл» аймаққа ауысты.

Сондай-ақ «жасыл» аймақта 9 өңір бар.

Орташа тәуекел болып саналатын «сары» аймақта 6 өңір бар. «Қызыл» аймақта елдің 2 өңірі – Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр, – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Сонымен қатар қазіргі уақытта коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға қол жеткізілді.

Бүгінде тәулігіне 1 500 жағдай тіркеледі. Соңғы екі айда ауру аптасына 33346-дан 9722 жағдайға дейін, яғни 3,4 есе төмендеді. 1 тамызбен салыстырғанда репродуктивті сан 1,11-ден 0,92-ға дейін 1,2 есе төмендеді. Инфекциялық төсектердің қамтылуы 30%-ға дейін, реанимациялық төсектердің қамтылуы 26%-ға дейін азайды, – деді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін қандай жағдайда балаға коронавирусқа қарсы екпе салынбайтыны туралы айтқан болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы