Министр елдегі экология мәселелері қалай шешілетінін айтты

9 Қыркүйек 2021, 12:58
16855
Бөлісу:
Министр елдегі экология мәселелері қалай шешілетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты.

Министр атап өткендей, Президент өз Жолдауында 10 аса ластанған қаланың экологиялық мәселелерін шешуге ерекше назар аударды. Осы мақсатта Үкіметпен орта мерзімді перспективада газдандыру және энергияның баламалы көздеріне көшу бойынша жұмыс жүргізіледі.

 
Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында «Самұрық-Қазына» екінші жылу элетро орталығында (ЖЭО-2) бу-газ құрылғысын салу, үшінші жылу элетро орталығының (ЖЭС-3) модернизациялау бойынша жобаларды жүзеге асыруға кіріседі. Министрлікпен аймақтардағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша нақты жұмыс жүргізіліп жатыр, - деді Мырзағалиев алқа отырысында.


Оның сөзінше, биылғы жылы жаңа Экология кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес кәсіпорындар ең үздік қолжетімді технологияларды (ЕҮҚТ) енгізеді.

 
Сонымен қатар аймақтардағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жол карталары әзірленді. Меморандумдарға қол қойылды. Оларға сәйкес ірі кәсіпорындар шығарындыларды 20%-дан 30%-ға дейін қысқартуды жоспарлап отыр, - деп түсіндірді ол.


Айтуынша, министрліктің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті 10 қаладағы бірінші санаттағы кәсіпорындар үшін 2025 жылға қарай шығарындылар лимитін 20%-дан кем емес көрсеткішке төмендетеді.

Өзгелердің жаңалығы