Министр экономикаға үлес қосып отырған компанияларды атады

7 Желтоқсан 2021, 15:52
782
Бөлісу:
Министр экономикаға үлес қосып отырған компанияларды атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Қазақстандық жаһандық инвестициялар жөніндегі төртінші  дөңгелек үстел»  барысында айтты. 

Қазақстан экономикасының тұрақтылығын  бірқатар ел атап өткен болатын. Қазақстан 2020 жылы теңізге шыға алмайтын дамушы 32 елдің, өтпелі экономикасы бар 17 ел мен ТМД елдер арасында ТШИ-дің өскенін көрсетті. Бүгінгі таңда "Шеврон" сияқты компаниялар экономикаға үлес қосып отырғанын атап өту керек,- деді ол.

Мұхтар Тілеуберді дөңгелек үстел инвестициялық ахуалды жақсартуды талқылауға мүмкіндік беретінін айтты.

Пандемиядан кейінгі кезде өнеркәсіпті қалыптастыруға, экономиканың тұрақты бағыттарын дамыту бойынша бірқатар шараны жүзеге асырып жатырмыз,-деді ол.  

Айта кетейік, шараға 400 оффлайн, 1000 онлайн көрермен қатысты. Оның ішінде Үкімет мүшелері, халықаралық қауымдастық өкілдері, кәсіпкерлер және 50 елдің сарапшылары бар.

Өзгелердің жаңалығы