Министр еңбек құқығы қаншалықты қорғалып жатқанын айтты

25 Маусым 2020, 11:49
1281
Бөлісу:
Министр еңбек құқығы қаншалықты қорғалып жатқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2020 жылы 17 мың қазақстандықтың еңбек құқығы қорғалғанын айтты.

Биылғы 5 айдың ішінде мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 мыңнан астам еңбек құқықтарын бұзу фактісін жойды, 17 мың қазақстандықтың жалпы сомасы 1,7 млрд теңгеге жалақы бойынша берешегі өтелді, - деді ол. 
Министр ҚР Үкіметі еңбек жанжалдарын болдырмау жөніндегі кешенді жоспарды бекіткенін, ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тұрақты негізде еңбек заңнамасының сақталуына мониторинг және бақылау жүргізетінін атап өтті.
2020 жылғы қаңтар-мамыр айларында мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 мыңнан астам еңбек құқығының бұзушылығын жойды, 17 мың жұмыскердің жалпы сомасы 1,7 млрд теңгеден астам жалақы берешегі өтелген, – деп хабарлады Нұрымбетов.
Сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартатын 95 кәсіпорынға тексеру жүргізілді, оларда 1 мыңнан астам түрлі заң бұзушылық жойылды.
Тағы бір маңызды мәселе - еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қазақстанда 2019-2023 жылдарға арналған еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындары мен өндірістік жарақаттануды төмендету жөніндегі жол картасы іске асырылуда. 14,7 мың өндірістік кеңес құрылды және еңбекті қорғау бойынша 2,3 мың стандарт енгізілді. Жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету шараларына 116 млрд теңге жұмсалды. Соңғы 4 жылда қабылданған шаралардың нәтижесінде өндірістік жарақаттану төмендеуінің оң серпіні байқалады. Мысалы, 2016 жылы 1683 адам зардап шексе, 2019 жылы ол 1431-ге дейін азайды, – деді Біржан Нұрымбетов.
Сондай-ақ, Біржан Нұрымбетов ағымдағы жылғы 14 мамырда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң күшіне енгенін атап өтті.
Құжат еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпаратты енгізу арқылы кадрлық іс жүргізуді цифрландыруды, жұмыс берушілердің оларға лайықты еңбек және тұрмыс жағдайларын жасау жөніндегі міндеттері мен жауапкершілігін белгілеуді, жұмыс берушінің еңбек шартын біржақты тәртіппен бұзу құқығын болдырмауды, мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде азаматтардың жұмыс орнын сақтауды; қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін кәсіподақ қозғалысын ынталандыру және кәсіподақтардың рөлін арттыру мақсатында кәсіподақтарды құру тәртібін қайта қарауды көздейді, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы