Министр бюджет тапшылығы қай кезде пайда болатынын айтты

15 Маусым 2021, 17:08
4660
Бөлісу:
Министр бюджет тапшылығы қай кезде пайда болатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің сауалына жауап беру кезінде айтты.

Ерұлан Жамаубаевтың сөзінше, бюджет тапшылығы экономикада табыс көзі азайған кезде пайда болады.

Өздеріңіз білесіздір, пандемия кезінде экономика соңғы жиырма жылда бірінші рет сондай қиындыққа тап болды. Кәсіпкерлерге қолдау көрсетілді, осылайша салықтық жеңілдіктер жасалды. Арендалық жүктемелер азайтылды. Тіпті салық төлеу шегерілген кез де болды. Осы жағдайдың барлығы бюджетке түсетін табыс көзінің төмендеуіне әкеліп соқты. Салдарынан бюджет тапшылығы 3,5%-ға өсіп отыр, - деді ол.

Министрдің айтуынша, экономиканы қалпына келтіру арқылы сол тапшылықты жоюға бағытталған шаралар атқарылып жатыр.

Оған экономиканың "көлеңкелі" бөлігімен күресіп, сонымен қатар салық пен кедендік әкімшілендіруді жақсарта отырып қол жеткізуді көздеп отырмыз. Сонымен қатар, бүгін баяндамамда атап өткенімдей, кейбір заңнамалық актілерге де өзгерістер енгізілді. Салық жүктемелерін қайта қарастыруды қолға алдық, Осының барлығы бюджеттің табыс бөлігін көтеруге мүмкіндік береді. Алдағы жылдары тапшылықты үш пайыздан асырмаймыз деген жоспарымыз бар, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы